Алакөлде 4 демалыс орны өртеніп, жеті адам зардап шекті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
"Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өртсөндірушілері, жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметкерлері мен тұрғындардың бірлескен күшімен 5 шілдеде сағат 05.40-та өрт сөндірілді. Өрт 3000 шаршы метрге жайылды. 4 демалыс орны өрттен зардап шекті.
Медициналық көмекке жүгінген 7 адам тексерістен кейін ауруханаға жатқызуды қажет етпеді", — деді ТЖД.