Аламан бәйгеден республикалық турнирде 160 тұлпар бәсекеге түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аламан бәйгеден республикалық турнирде 160 тұлпар бәсекеге түседі

Аламан бәйгеден республикалық турнирде 160 тұлпар бәсекеге түседі

Астана қаласының маңында 14 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясының ХV жылдығына арналған 43 шақырым қашықтық бойынша аламан бәйгеден «Алтын тұлпар» республикалық турнирі өтеді.

  • 18 Тамыз 2014
  • 671
Фото - Caravan.kz

Турнирге республикамыздың 14 облысы, Астана мен Алматы қалаларының әрқайсысы 10 бәйге аттан қатыстыруға рұқсат етілген. Яғни, бұл аламан бәйгеде Қазақстан бойынша қатаң іріктеуден өткен 160 тұлпар бәсекеге түседі деген сөз.

«Алтын тұлпар» турнирінің ережесі бойынша, бәйгеге аттардың барлық тұқымдары қатыстырылып, жасы 12-ден асқан шабандоздар жарысқа жіберіледі. Шабандоздың сонымен бірге атты басқаруға икемі бар, арнайы дайындықтан өткен және ата-анасының заңды рұқсаты болуы керек. Жарыс ережесінде бекітілгендей, бәйгеге қатысушы қыркүйек айының 8-не дейін өтінім беруі тиіс.

Бәйге бағдарламасы бойынша 13 қыркүйек күні облыстардан келген атбегілер орналасқаннан кейін мандат комиссиясының отырысы өткізіледі. Келесі күні яғни, 14 қыркүйекте сағат 12.00-де «Алтын тұлпар» республикалық бәйгесі салтанатты түрде ашылады.

Турнирді ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткізеді. Бас демеушісі — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры.


Дәстүрлі аламан бәйгесі жарысын өткізу арқылы ұйымдастырушылар еліміздегі ұлттық ат спортына қызығушылықты арттырып, жастарды ұлттық құндылықтарды құрметтеуді, ұлтжандылыққа үйретуді, сонымен қатар дәстүрлі ат бәйгесі ұлттық спорт түрінің деңгейін көтеру, мәдениетін жетілдіру, бұқаралық көпшілік спортқа айналдыруды көздейді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығынан.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера