Алапат тасқын Ақмола облысына жақындап келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алапат тасқын Ақмола облысына жақындап келеді

Алапат тасқын Ақмола облысына жақындап келеді

Қарағандыны жайпаған тасқын жылдам қарқынмен Ақмола облысына жақындап келеді.Арнасына сыймай тасып жатқан Нұра өзені тағы 35 елді-мекенді шайып кетуі мүмкін. Бұл тағы мыңдаған шаңыраққа қауіп төніп тұр деген сөз. Ал Төтенше жағдайлар комитеті қызыл судың бағытын бақылап отыру мүмкін емес дейді.

  • 18 Сәуiр 2015
  • 317
Фото - Caravan.kz

Асқар Нұрқанов, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің бөлім бастығы:

-Мысалы АлматыОңтүстік өңір таулы жерде. Тасқын су қай жерден шығады,ол қай жаққа барып қай жаққа кететінін   анық жорамалдауға болады. Ал  жазықтағы  тасқынды, яғни судың  қай жақтан шығарын білу қиындау. Шыны керек.

Ал күн жылынған сайын қауіп төнген ауылдардың саны ұлғаюда. Ең қиын жағдай Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік, Шығыс Қазақстан облысының 17 ауданында қалыптасып отыр. Бұл өңірлерде мыңнан астам үйді топан су басып, мал қырылып, адамдар шиеттей бала-шағасымен мектеп пен қонақүйлерді жағалап кеткен. Қазір құтқарушылар Нұра өзеніндегі мұздарды жарып, құмнан қамал жасап жатыр. Топан су жайпап жатқан Қарағанды облысына бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінгенін айта кетейік. Ал кеше арнайы мәлімдеме жасаған президент тасқынмен күресіп жатқан құтқарушыларға алғыс білдіріп, айтып келмейтін апатты жеке бақылауына алғанын айтқан болатын.