«Алаш Прайд» 8 мемлекеттің үздік сарбаздарынан жасақталған дүниежүзі құрамасын ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алаш Прайд» 8 мемлекеттің үздік сарбаздарынан жасақталған дүниежүзі құрамасын ұтты

«Алаш Прайд» 8 мемлекеттің үздік сарбаздарынан жасақталған дүниежүзі құрамасын ұтты

«Алаш Прайд» клубының сайыпқырандары сегіз мемлекеттің үздік сарбаздарынан жасақталған дүниежүзі құрамасын ұтты. ММА немесе қазақшалап айтқанда аралас жекпе-жектен өткен он жұп арасындағы бетпе-бет матч 7:3 есебімен аяқталды. Дегенмен Алаш Прайд кәсіпқой спорт клубының атынан ұйымдастырылған жарыстың басты жекпе-жегі біз күткендей шықпады.

  • 25 Желтоқсан 2012
  • 377
Фото - Caravan.kz

Басты жекпе-жекке дейінгі сегізбұрышқа шыққан тоғыз жерлесіміздің жетеуі жеңіске жетті. Соңғы кездері жолы болмай жүрген Хамит Қуатов  бұл жолы  қытайлық Жу Вэн Чинді тәубесіне келтірсе, қарсыласының сағын сындырған сайын «Қара жорға» биіне басатын Қайрат Ахметов тағы да ерледі. 

Әлі күнге жеңіліп көрмеген «қазақ» Қайратқа аспанасты елінің тағы бір сарбазы Ян Шо жем болды.

Қайрат Ахметов, жарыс жеңімпазы , «Алаш-Прайд» кәсіпқой клубы:

— Ел шулап өзіңе сенім артқаннан кейін, сенімді ақтауға тырысамыз.

Әне-міне дегенше  бәсекелер кезегі  сарай толы көрермен асыға күткен кештің басты жекпе-жегіне де келіп  жетті.  Сегізбұрышқа  алаштың «айдаһары» Асұлан Тоқтарбаев пен филиппиндік «палач» деген лақап атты жамылған Роланд Сангчаан шақырылғанда сарай толы көрермен дүр сілкінген.  Асыға күткенімізді қайтейік Азиядағы ең беделі зор версия «UAN» FC дің өкілі мықты болып шықты. Ушу-саньдадан әлемді  үш мәрте бағындырған «палач» өкінішке орай біздің «Арыстанды» алысқа жеткізбей соғып алды. Ең бастысы Алаш Прайд кәсіпқой спорт клубы мұрындық болған бүгінгі дода, аралас жекпе-жектің қазақ жерінде  кең етек жаюына тағы бір  ықпалын тигізгені сөзсіз.

 


 

Италияның Инни хэн-Сан-Кандидо  қалашығында фристайлдан Әлем кубогы жолындағы жарыстың сегізінші  кезеңі мәресіне жетті.  Ски-кросс жаттығуынан сынға түскен ерлер  бәсекесінде швейцариялық Алекс Фива  үздік шықты.

Алғашқы әрекеттерден сүрінбей өткен Алекс Фива, ақтық сында өзімен қатар жарысқан неміс Даниэль Бонакер мен швед Виктор Элинг Норбергті артқа тастады. Осы жаттығудан жарысқан әйелдер додасында алтын медальды  канадалық Келси Серва иеленді.  Финалдық сынақта Серва мәре сызығын бірінші қиса, оның командалас әріптесі Джорд жио Симмер линг екінші, ал швейцариялық фристайл өнерінің шебері Катрин Мюллердің еншісінде қола жүлде.