Алаштың біртуар тұлғасы - Т.Рысқұловтың қызы дүниеден озды
|
Алаштың біртуар тұлғасы-Тұрар Рысқұловтың қызы, белгілі ғалым Сәуле Рысқұлова дүниеден озды. Марқұм бүгін «Кеңсай» зиратына анасы Әзизаның қасына жерленді.
- Тұрарқызы Сәуле апамыздың рухына тие берсін. Жатқан жері жайлы, ауыр топырағы жеңіл болсын!
Марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға ет жақындарынан өзге, жолдастары, әріптестері, сондай-ақ Шерхан Мұртаза бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері келді. Жалпы, Сәуле Тұрарқызы сталиндік репрессияның құрбаны болған қоғам қайраткері - Тұрар Рысқұловтың қызы ғана емес, сондай-ақ отандық радиобиология ғылымына елеулі үлес қосқан белгілі ғалым, дәрігер. Радиациялық сәуленің адам ағзасына әсері мен Семей полигонының зардабы хақындағы көптеген зерттеулер мен ғылыми еңбектердің авторы. Бірақ өмірінің соңын толығымен әкесінің тағылымын зерттеу арнаған.
Зәуір Рысқұлов, С. Рысқұлованың ұлы:
- Анам өмірде өте көп қиындық көрген кісі. Бірақ соған қарамастан өз әкесінің атына лайық еңбек етті. Шындық үшін күресті, атамның атын ақтау үшін күресті.
Шерхан Мұртаза, Халық жазушысы:
- Біздің бауырымыз, қарындасымыз, жаны жанатта болсын. Нұр пейіште шалқысын. Алдынан ақ жарылқап, күн туа берсін. Алла о дүниенің пейішін берсін.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін