"Alatau" АЭА аумағы ұлғайтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 499.65
  • 582.89
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Alatau" АЭА аумағы ұлғайтылды

"Alatau" АЭА аумағы ұлғайтылды

Үкіметтің 2025 жылғы 20 қарашадағы қаулысымен "Alatau" арнайы экономикалық аймағының қағидаларына өзгерістер енгізілді

  • 5 Желтоқсан
  • 3
ФОТО: alatausez.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өзгерістерге сәйкес, «Alatau» арнайы экономикалық аймағының аумағы Қонаев және Алатау қалаларын, сондай-ақ, Алматы облысының Талғар және Іле аудандарын қамтитыны бекітілді. Шекаралары қоса берілген жоспарға сәйкес айқындалған.

АЭА – порттық арнайы экономикалық аймақ мәртебесіне ие.

Аймақтың жалпы аумағы 97 930,98 гектардан 98 982,98 гектарға дейін ұлғайды. Ол өңірдің көлік-логистика мүмкіндіктерін дамытуға арналған аумақты, оның ішінде әуежай қызметіне арналған инфрақұрылымды қамтиды және Қазақстан аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

Сонымен қатар, өзгерістерге байланысты АЭА-ның шекара жоспары жаңартылған (төмендегі сызбада көрсетілген).

2047 жылға дейін «Alatau» арнайы экономикалық аймағының мақсатты көрсеткіштері мынадай болып белгіленді:

  • жалпы инвестиция көлемі – 1666,64 млрд теңге;
  • шетелдік инвестиция көлемі – 1028,32 млрд теңге;
  • отандық инвестиция көлемі – 638,32 млрд теңге;
  • АЭА аумағында өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемі – 1759 млрд теңге;
  • қатысушылар (компаниялар) саны – 53 бірлік;
  • АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындары – 17 366 адам;
  • АЭА аумағындағы өндірістегі қазақстандық үлес – 91%.

Қаулы 2025 жылғы 20 қарашадан бастап күшіне енді.

Бұған дейін Қазақстанда жаңа «Атырау» арнайы экономикалық аймағы құрылғаны хабарланған.

Перейти к новостям спорта