Жарияланды: 620

Алатау бөктеріндегі жағдайды тікұшақтан бақылаған әкім басын шайқаумен болды

Алатау бөктеріндегі құлаған ағаштар өрт қаупін тудыруы мүмкін. 17  мамырдағы дүлей дауылда қираған талдар сол күйі жиналмай жатыр. Сондықтан мамандар: «Қураған ағаштарға ұшқын тисе, алапат өрттің алдын алу мүмкін болмай қалады» - деп отыр. Оның үстіне құлаған жасыл-желектегі құрт-құмырсқадан қауіпті кеселдер тарауы ықтимал. Бүгін тау бөктеріндегі жағдайды қала әкімі мен Төтенше жағдайлар министрі аралап көрді.

Жер сілкінісі Алатаудың етегіндегі елді бір сілкіп алды. Мамыр мамыражай басталмады. Табиғат апаты тыным бермеген Алматы 17 мамырда  тғы дүрлікті. Жұдырықтай бұршақтар себелеп, дүлей дауыл соғып, астан-кестеңі шықты,біраз жердің. Қым-қуыт қайнап жататын қала тіршілігі  түнде тым-тырыс тиылды. Тауды баурай өскен ағаштар опырылып құлаған. Жалпы аумағы 48 гектар; 97 текше метр жасыл желек жермен-жексен болған. Бірақ сол жиналмаған күйі жайрап жатыр. Әкімнің ызасын келтірген де осы.

Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:

- Неге сылбырсыңдар, неге қарап отырсыңдар? Ағаштарды жинап,тазалау керек емес пе? Тасып әкету керек. Қарапайым ғана жұмыс қой,бұл.

Қираған ағаштарды жинауға 75 млн теңгесін жергілікті бюджет жырып беріпті. Алайда таудағы теректер дөңкейіп әлі жатыр. Күн ысып,қурап, өртенудің аз-ақ алдында. Тікұшақтан бақылап көрген басшылар бас шайқады.

- Хоть бы один человек ходил бы с топором, рубил бы эти ветки.

Енді айнала ну орман,қоршаған деп Медеу шатқалын айта алмайсыз. Дүлей дауылдың ығына жығылып, жапа тармағай құлаған ағаштардан аяқ алып жүру мүмкін емес. Шырпы тисе тұтанғалы жатыр, бұтақтар. Құлаған ағашты қомағайлана жейтін қоңыздар да қаптап жүр. Демек мұнда демалам деушілерге бес қаруын сайлап келуіне тура келеді.

Тау басындағы ағаштарды түсіру үшін ескі жолдарды пайдаланамыз, деді әкім. - Азиадаға арнап салынған тас жол бүлінбеуі керек. Оның үстіне күн ысығанда қураған ағаштар өрт қаупін күшейтеді.

Владимир Божко, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

Ағаштардан не дайындайтынымызды кейін шешерміз. Қазір оларды жинап алу керек, өрт болса,бүкіл орманнан айрылып қаламыз.

Әңгіменің ауаны тау шатқалындағы №6 көлге де бұрылды. Мамандар «әзірге Мәншүк Мәметова мұздығы ерімеген, жер дүмпуінен жарылмаған»деп қорытынды жасапты. Су деңгейі қалыпты. Яғни күнделікті қаланың тыныс тіршілігіне бұл көл кесе көлденең тұрмайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть