«Алау» Мұз айдыны сарайы әлемде үздік және жоғары жылдамдықтағы нәтижелерді көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алау» Мұз айдыны сарайы әлемде үздік және жоғары жылдамдықтағы нәтижелерді көрсетті

«Алау» Мұз айдыны сарайы әлемде үздік және жоғары жылдамдықтағы нәтижелерді көрсетті

Өткен маусымда «Алау» Мұз айдыны сарайында бірқатар халықаралық жарыстар өтіп, осының қорытындысы бойынша бұл нысан әлемде үздік және жоғары жылдамдықтағы нәтижелерді көрсетті.

  • 31 Тамыз 2012
  • 475
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада коньки спортынан Қазақстан Республикасының Жазғы кубогінің ашылуы салтанатында ҚР Коньки спорты ұлттық федерациясының президенті Виталий Копальнюк мәлім етті.

«Биылғы жылы да бізде халықаралық сайыстар өтеді. Онда әлемнің ең жүйрік спортшылары қатыспақ. Осы орайда біздің спортшыларға әлемнің ең үздік саналатын мұз айдынында жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізуін тілеймін», — деді ол.

Оның айтынша, бүгінгі жарыстар алдағы әлемдік ауқымдағы додаларға жолдама береді.

«Сонымен қатар бүгін коньки спортымен бұқаралық түрде шұғылдану маусымын ашып отырмыз. Өткен жылы бұқаралық шұғылдану маусымы аясында 30 мың адам қатысты. Биылғы жылы да осы спорт түріне тартылғандардың саны арта түседі деген сенімдемін»,-деді А. Копальнюк.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера