Алаяқтардан құралған қылмыстық топ ТұранӘлемБанкінің Ақтөбедегі филиалынан 4 млн. теңгені қолды болдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алаяқтардан құралған қылмыстық топ ТұранӘлемБанкінің Ақтөбедегі филиалынан 4 млн. теңгені қолды болдырды

Алаяқтардан құралған қылмыстық топ ТұранӘлемБанкінің Ақтөбедегі филиалынан 4 млн. теңгені қолды болдырды

Алаяқтардан құралған қылмыстық топ "ТұранӘлемБанкі" ААҚ-ның Ақтөбе облыстық филиалынан 4 млн. теңгеден астам қаржыны тонап кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қаржы полициясының Ақтөбе облыстық департаментінің бас маманы Алпамыс Иманғазин хабарлады.

  • 25 Наурыз 2004
  • 441
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, қылмыстық топтың құрамында банктің бөлшек несие беру бөлімінің аға маманы, Ақтөбедегі бірнеше фирманың есепшілері мен жұмыссыздар болған. Топқа 30 жастағы әйел жетекшілік еткен.

Топ мүшелері қолдан жасалған мөр-таңбаларды пайдаланып несиені рәсімдеуде талап етілетін анықтамаларды қолдан жасап келген. Жасанды анықтамалардың көмегімен банктің аға маманы банк құжаттарын ешбір кедергісіз дайындап, тұтыным несиесі түріндегі қаржыны жалған адамдардың дербес есепшотына бірінші кезекте аударып отырған. Осындай қитұрқы әрекеттердің арқасында топ банктің 4 млн. 200 мың теңгесін иемденіп алған.
Қаржы полициясының мәліметі бойынша, қазір қылмыстық топтың мүшелері тергеу абақтысына қамалды. Олардың үстінен «алаяқтық» деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар