"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 5, 6-тармақтарына, 98-бабына сәйкес және "Нұр Отан" партиясы" қоғамдық бірлестігінің Саяси кеңесі Бюросының 2017 жылғы 13 наурыздағы № 005 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының босаған мандаты "Нұр Отан" партиясы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Альберт Павлович Рауға берілсін", — делінген хабарламада. ОСК төрағасы Берік Имашев Альберт Рауға ҚР Парламент Мәжілісі депутатының куәлігі мен төс белгісін табыс етті.
Еске салайық, 2017 жылы 28 ақпанда ҚР Орталық сайлау комиссиясы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеген еді.