"Алдады, сатқындық жасады": Дильназ Ахмадиева Мақпал Исабековамен не себепті араласпай кеткенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алдады, сатқындық жасады": Дильназ Ахмадиева Мақпал Исабековамен не себепті араласпай кеткенін айтты

"Алдады, сатқындық жасады": Дильназ Ахмадиева Мақпал Исабековамен не себепті араласпай кеткенін айтты

Әнші Дильназ Ахмадиева бір кездері жан құрбысы болған Мақпал Исабековамен араласпай кеткенін мәлімдеді.

  • 23 Ақпан
  • 12298
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мақпал екеуміз 4 жылдан бері құрбы емеспіз. Мен оның әрбір жетістігіне қуанамын, және оның да маған деген ниеті сондай деп ойлаймын. Ол екінші сәбиін күтіп жүр екен. Ол үшін өте қуаныштымын. Солай болды, жолымыз екі бөлек екен. Біздің достық туралы түсінігіміз де сәйкес келмейтін болып шықты. Жаман ештеңе болған жоқ, көрген жерде амандасып тұрамыз. Бет көрместей болып кеткен жоқпыз. Жалпы кейінгі кездері араласатын адамдарым сиреді, ортам өзгерді. Қазір айналамда анамды есептемегенде ең жақын деген 3 адам ғана бар. Анам – ең жақын құрбым. Қазір араласатын ортамда өзімнің шекарамды қойып үйрендім.  Маған құрбыларым манипуляция жасады, алдады, сатқындық жасады. Енді ондай құрбылардың болғанын қаламаймын. Мен көп адамға көмектестім, көмек сұраған жанға жоқ дей алмадым. Себебі, мені алдау оңай болатын", — дейді әнші.