Алдағы 1,5 жылда Алматы толығымен газдандырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы 1,5 жылда Алматы толығымен газдандырылады

Алдағы 1,5 жылда Алматы толығымен газдандырылады

Алдағы 1,5 жылда Алматыны толығымен газдандыру жоспарланып отыр, деп мәлім етті Алматы әкімінің орынбасары Ербол Шорманов.

  • 16 Маусым 2011
  • 390
Фото - Caravan.kz

«Алматыны толығымен газдандыру алдағы бір жарым жылдың ішінде жоспарланып отыр. Түрксіб ауданына келетін болсақ, бірнеше тұрғын үй массивтеріне газ биыл тартылады. Мен айтып отырған аудан биылғы жылы газдандырылады деп ойлаймын», — деді Е. Шорманов бейсенбі күні «Центр тяжести» форумындағы он-лайн конференцияда.

Бұрын хабарланғандай, Алматыда қалалық шаруашылықты толығымен табиғи газға көшіру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Соның ішінде, жеке секторды газдандыру, автокөліктерді компримирленген газға көшіру бағдарламасы жүзеге асырылуда.

2011 жылы 18 мың жеке меншік үйді газбен қамтамасыз ету үшін 48,3 км газ құбырларын тарту көзделген. 2010 жылы 64 км газ құбырлары тартылып, 20 мың үйге газ берілді. 2011 жылдың мамырындағы жағдай бойынша, Алматыда жеке меншік сектордағы 36 мың үйге газ тартылмаған.

Соңғы жаңалықтар