Жарияланды: 920

Алдағы 2 жылда климаттық белдеулердің оңтүстікке ығысуына байланысты Қазақстандағы орташа жылдық температура жоғарылай түседі

Алдағы екі жылда Қазақстан аумағындағы орташа жылдық температура жоғарылай түседі, Алматы мен облыста күрт жоғарылайды. Бұл климаттық белдеулердің оңтүстікке қарай ығысуына байланысты болады, деп мәлімдеді геологиялық-минералогиялық ғылымдардың кандидаты Михаил Казанцев.

«Жүргізілген болжамның нәтижесіне сәйкес, 2011–2012 жылдары Қазақстан аумағындағы орташа жылдық температура жоғарылайды, соның ішінде Алматыда және облыста күрт жоғарылайды, өйткені климаттық белдеулердің оңтүстікке қарай ығысуы барысында мегаполис 41 градус параллеліне түседі, ал онда ауа райы жағдайлары Ташкент, Наманган, Жалал-Абадтағы сияқты ыстық», - деді ғалым. Оның айтуынга, Жерде кезекті планетарлық «қайта құру» жүріп жатыр, ол магнит полюстердің қозғалуы мен өзгеруіне әкелетін тереңдегі процестердің қарқын алуына байланысты. «Соңғы 20 жылда солтүстік және оңтүстік магниттік полюстер 200 шақырымнан «жүгіріп өтті», - деді ғалым. Париждегі Жер физикасы институтының мәліметтеріне сәйкес, магниттік полюстердің ығысуымен жер осінің Күнге қатысты еңкею бұрышы да өзгереді. Осының нәтижесінде Жердің солтүстік жарты шары оңтүстік ендіктерге, ал оңтүстік жарты шар солтүстік ендіктерге қарай ығысты. «Осындай өзгерістерден кейін Жерде жер сілкіністері, су тасқындары, жанартаулардың атылуы, дауылдар сияқты түрлі табиғи катаклзимдердің басталғаны түсінікті. Және апаттар болжанбаған жерлерде болды», - деді М. Казанцев. Ғалымның айтуынша, солтүстік жарты шардың оңтүстік ендіктерге ауысуына байланысты Алматы өңірінде жер сілкіністерінің кіндіктері жүз жылдық кезеңде (1911–2011 жж.) оңтүстіктен солтүстікке, Іле Алатауы тауларынан Іле ойпатына ауысты. «2011-2012 жылдары Алматыда күшті жер сілкіністері болмайды, өйткенң бұл орталықтар екі жылда мегаполистен солтүстікке қарай ығысады», - деді М. Казанцев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін