Ал солтүстік аймақта тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің екпіні күшейеді. Қар аралас жаңбыр жауады деген де болжам бар. Жалпы алғанда республика бойынша ауа температурасы 5-7 градус шамасында жылы болады.
— Жамбы облысының оңтүстік-батысында Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің соғуы секундына 30 метрге дейін жетеді. Астанада алдағы 3 күнде көктайғақ болып, желдің екпіні секундына 12-20 метрге жетеді. Алматыда 30 наурыз бен 1 сәуірде жаңбыр күтіледі, дейді «Қазгидромет» РМК басқарма басшысы Ардақ Қалменова.