Алдағы аптада ІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы аптада ІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталады

Алдағы аптада ІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталады

О.Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатының базасында биылғы 14-18 қаңтар аралығында математика, физика және информатикадан ІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді. Бұл жайында аталған оқу орнының баспасөз қызметі хабарлайды.

  • 11 Қаңтар 2013
  • 301
Фото - Caravan.kz

Олимпиаданың салтанатты ашылуына ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов қатыспақ.

Білім сайысына қатысу үшін әлемнің 13 елінен 50 команда келеді деп күтілуде. Халықаралық қазылар алқасының құрамына 7 елдің ғалымдары еніп отыр. Атап айтқанда, оның ішінде Қазақстан, Грузия, Армения, Өзбекстан, Беларусь, Болгария және Ресей ғалымдары бар. Ал алқаға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов төрағалық ететін бодады.