Алдағы аптаның басында Қазақстан аумағының басым бөлігінде термометр көрсеткіштері жиырма градусқа дейін төмендейді - синоптиктер
![]() |
«Қазгидромет» мамандары алдағы аптаның басында ел аумағының басым бөлігінде күн қатты суытады деп ескертеді. |
Мәселен, 19-20-қарашада Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында, 20-21-ші қарашада Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде -15-20, кей жерлерде -25 градусқа дейін төмендейді.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, қарашаның 19-ы мен 20-сында Қызылорда облысында күн суытады. 20-сында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында термометр көрсеткіштері -20 градусқа дейін төмендейді.
Сонымен қатар, 16-17-18-қарашада Ақмола облысында қар жауып, боран соғады. Желдің екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 25 метрге дейін жетпек.
Бүгін және ертең елордасы - Астанада қар жауып, боран соғады, желдің қуаты секундына 15-20 метрге жетеді.
16-17-қараша күндері Павлодар облысының кей жерлерінде, ал 18-қарашада өңірдің басым бөлігіне қар түсіп, боран. Желдің екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 25 метр.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қарашаның 16-сы мен 18-і аралығында қарлы боран соғып, қар жауады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін