деп хабарлады ҚР Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметінен.
Дж. Вердидің «Бал-маскарад» операсы — композитордың үздік шығармаларының бірі. Либреттоның негізіне 1772 жылы Швед королі Густав III өлтiруі туралы тарихи оқиға алынады. Бұл премьера классикалық өнерсүйер қауымға тағы бiр сыйлық болып, театрдың көрермендерiн қойылу әсерлiлігімен және әртісттердің кәсiби орындауымен қуантады.
Бас дирижері, музыкалық жетекшісі — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жарасов; қоюшы-режиссері — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ләйлім Иманғазина; қоюшы-суретші — Ресейдің еңбек сіңірген суретшісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Вячеслав Окунев; көркемдік жетекшісі — Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Базарғали Жаманбаев; бас хормейстері — Әлия Темірбекова; бас балетмейстері — ҚСРО халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Рамазан Бапов. Басты партияларда: Жәмиля Баспақова, Дина Хамзина, Сара Ищанова, Кирилл Борчанинов, Дина Дүтмағамбетова, Балапан Жұбаева, Бейімбет Қожабаев, Халид Нұралиев, Медет Чотабаев, Талғат Күзембаев, Александр Сметанин, Олег Татамировтер ойнайды.