Алдағы демалыстарда Астанада ралли-спринттен «Самұрық-2011» ел біріншілігі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы демалыстарда Астанада ралли-спринттен «Самұрық-2011» ел біріншілігі өтеді

Алдағы демалыстарда Астанада ралли-спринттен «Самұрық-2011» ел біріншілігі өтеді

Наурыздың 6-7 күндері Астанада қысқы ралли-спринттен «Самұрық-2011» Қазақстан чемпионатының 4-кезеңі өтеді. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында «Sport racing club» ұйымының төрағасы, «Самұрық-2011» жарысының директоры Денис Аксенов мәлім етті.

  • 4 Наурыз 2011
  • 563
Фото - Caravan.kz

Бұл — Қазақстанның Автокөлік спорты федерациясының ұйытқы болуымен өтетін алдағы жылғы алғашқы ресми жарыс. Бұның алдындағы үш кезең Астана мен Павлодар қалаларында өтті. Ралли-спринттен болатын Қазақстанның ашық чемпионатының соңғы 100 шақырымды құрайтын ақтық кезеңі елордадағы Қоянды су қоймасының арнайы учаскесінде өтпек.

«Sport racing club» ұйымының төрағасы, «Самұрық-2011» жарысының директоры Денис Аксеновтың айтуынша, додаға Павлодар, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Астана және Ресейдің Екатеринбор, Түмен қалаларынан жалпы саны 50-ге жуық кәсіби және әуесқой экипаж қатыспақ.

«Биыл тұңғыш рет «Самұрық» ралли-спринт жарысы елдің классикалық раллиінің кәсіби сыныбымен — Қазақстан чемпионатымен біріктіріліп отыр»,-дейді Д. Аксенов.

«Қашықтық 100 шақырымнын сәл асады. Жарыс мұз үстінде өтеді. Қатысушылар елдің барлық өңірлерінен келіп отыр. Сонымен қатар шараға Ресейден бірнеше экипаж келіп жетті. Олар өте тәжірибелі спортшылар, бірақ, меніңше, біздің жергілікті раллишілер қонақтарға өз тегеуріндерін көрсететін болады. Бұл жеңіс әділ, әдемі және спорттық достықта өтсін деп тілеймін»,-деп атап көрсетті ол.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера