Алдағы күндері Алматы облысының жекелеген таулы өзендерінде су тасуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы күндері Алматы облысының жекелеген таулы өзендерінде су тасуы мүмкін

Алдағы күндері Алматы облысының жекелеген таулы өзендерінде су тасуы мүмкін

Алдағы күндері, дәлірек 1 қазанда күшті жаңбыр жаууы мүмкіндігі жөніндегі болжамға сәйкес,

  • 30 Қыркүйек 2014
  • 320
Фото - Caravan.kz

Алматы облысының жекелеген таулы өзендерінде су тасып, тау беткейлерінен қатты су ағуы мүмкін. Бұл туралы бүгін «Алматы қаласының құтқару қызметі» коммуналдық кәсіпорнынан хабарлады.

Бұл жерде, аталмыш кәсіпорын жұртшылықты «Қазгидромет» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының дауыл болатындығы туралы ескертпесіне көңіл аударуға шақырады.

Онда 1 қазан күні республиканың кейбір облыстарымен қатар, Алматы облысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрып, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсу мүмкін екендігі ескертілген болатын.