Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері жылы ауа райы сақталады.
"Қазақстанға Месопотамия аудандарынан келген ауа массасы қараша айының соңына дейін аномальды жоғары температураны сақтайды. Демалыс күндері ауа температурасы 4-9 градусқа нормадан жоғары болды, тек оңтүстік аймақта ғана ауа температурасы нормадан 1-2 градус төмен болады. Алдағы үш тәулікте антициклонның әсерінен республиканың көптеген өңірлерінде жауын-шашынсыз болып, ауа температурасы 4-10 градусқа дейін климатты нормадан жоғары болып сақталады", — деді "Қазгидромет" өкілдері.
Ал батыс және солтүстік-батыс облыстарда жауын-шашын мен дымқыл қар болуы мүмкін.