Алдағы күндері еліміздің солтүстігінде аяз күшейеді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы күндері еліміздің солтүстігінде аяз күшейеді

Алдағы күндері еліміздің солтүстігінде аяз күшейеді

19-21 қараша аралығында еліміздің солтүстігінде аяз күшейе түседі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

  • 18 Қараша 2015
  • 377
Фото - Caravan.kz

Сібірдің солтүстік аудандарында орналасқан күшті және суық антициклон әсерінен республиканың солтүстік бөлігіне нағыз қысқы аяздар орнады. Бірнеше күн күндізгі ауа температурасы мұнда климаттық нормадан 5-10º төмен.

19-21 қараша аралығындағы кезеңде антициклонның күшеюі күтіледі, ол температураның одан әрі төмендеуіне әкеліп соғады, кей жерлерде 28-31º аяз болады.


Қазақстанның оңтүстік облыстарында Каспий теңізінің оңтүстігінде қалыптасқан циклон ауысатын болады. Ол өзімен бірге жаңбыр және жабысқақ қармен бұлтты ауа райын әкеледі. Онымен бірге температура нормадан 2-4º жоғары сақталады.