Бұл циклон салдарынан елдің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қар жауып, боран болады, батыстан соққан жел 18-25, кей жерлерде 28 м/с дейін күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК 8-10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамында.
Республиканың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен ылғалды қар жауып, тұман және көктайғақ болады деп күтілуде. Мұнда жел 15-23 м/с күшейіп, Жамбыл облысында 25-28 м/с дейін жетуі ықтимал.