Алдағы күндері үсік жүреді және бұршақ жауады - Синоптиктер - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы күндері үсік жүреді және бұршақ жауады - Синоптиктер

Алдағы күндері үсік жүреді және бұршақ жауады - Синоптиктер

Еліміздің кейбір аймақтарында жел күшейіп, бұршақ жауады және үсік жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

  • 29 Мамыр 2017
  • 259
Фото - Caravan.kz

Мамандардың айтуынша, 30 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, күндіз Павлодар облыстарында жаңбыр, кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады.

"Кей жерлерде найзағай күтіледі, бұршақ болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауаның температурасы күндіз 10-18 жылыға дейін төмендейді. Түнде 31 мамырда кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік күтіледі", — делінген хабарламада. 

Ал 31 мамырда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз 15-20 жылыға дейін төмендейді. Түнде 31 мамырда Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Астана қаласы: 30 мамырда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Күндіз қатты жаңбыр.