деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық ТЖ длепартаментінің баспасөз хатшысы Сәуле Мұнатаева хабарлады.
Оның айтуынша, ТЖ департаментіне «Қазгидромет» мамандарынан осындай ақпар келіп түскен.
Синоптиктердің болжамына қарағанда, қаңтардың 15-інде күндізгі уақытта, 16-қаңтар күні түнде облыс аумағында жел күшейеді. Желдің екпіні секундына 17-22 метрге жетсе, кей жерлерде 30 метрден де асып кетуі мүмкін.
Оның үстіне, жауын-шашын, тұман, бұрқасын мен көктайғақ жағдайды қиындата түспек.
Соған байланысты департамент қызметкерлері облыс тұрғындарын бірер күн жолға шықпауға шақырды.
Бастапқы болжамдар бойынша алапат дауыл Жамбыл облысына 2 млрд теңге шығын келтірді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.
«Әзірге 2 млрд теңгеге жуық шығын келтірілді деген мәлімет беріліп отыр. Бірақ, ол әлі нақтыланады. Өйткені, шығынды есептеу жөніндегі комиссия әлі жұмыс істеп жатыр», — деді ол сейсенбі күні журналистерге.
«Облыс басшысы әкімдік қорынан 170 млн теңге бөліп те қойды», — деп қосты министр.