Сондай-ақ, Ақтөбе, Атырау және Қызылорда облыстарында сайлаушылардың жоары белсенділігі байқалуда. Ал Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында белсенділік керісінше төмен.
Жалпы алғанда, тамыздың 20-жұлдызында сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 57,9 проценті сайлауғ қатысуға құлық танытқан. Ал 21,9 проценті әлі де бір жақты шешім қабылдамапты. 20,2 проценті сайлауға қатысуға құлықсыз.
Сауалнама кезінде оған қатысушылардың 71,6 проценті тіркеуден өтсе, 27,3 проценті штрих-код алмаған. Тамыздың үшінші аптасында бұл көрсеткіш айтарлықтай өзгерген жоқ. Қазақстанның әлеуметтанушылары мен саясаттанушыларының қауымдастығы сарапшыларының айтуынша, қазақстандықтардың штрих-кодты қолданысқа енгізуге деген қарым-қатынасы да өзгерген жоқ. Сауалнамаға қатысушылардың 36,5 проценті бұл дауыс беру процедурасына оңды әсер етеді десе, 25 проценті кері көзқараста.