«Баршасына бірдей мүмкіндік беріліп отыр. Осы мүмкіндікті қалай пайдалану — әрбір саяси партияның ісі», — деп мәлімдеді Н. Назарбаев журналистердің алдағы парламент мәжілісінің сайлауында оппозицияға берілетін мүмкіндік туралы сауалына берген жауабында.
«Президент , мемлекет басшысы, Конституцияның кепілі ретінде мен сайлаудың әділ әрі әділетті өтуіне, баршасына бірдей мүмкіндіктер берілуіне жіті назар аударып қадағалайтын боламын деп мәлімдедім. Ендігі жерде партиялардың өздері талпыныс жасасын», — деді мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті