Алдағы тәуліктерде Алматы облысының тау өзендерінде су деңгейі көтеріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы тәуліктерде Алматы облысының тау өзендерінде су деңгейі көтеріледі

Алдағы тәуліктерде Алматы облысының тау өзендерінде су деңгейі көтеріледі

Бүгін және алдағы тәуліктерде нөсер жауынның күтілуіне байланысты Алматы облысының тау өзендерінде су деңгейі көтерілуі ықтимал,

  • 1 Шiлде 2011
  • 456
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Қазгидромет.

«Мол жауын-шашынның күтілуіне байланысты Алматы облысының таулы аудандарында су тасқыны орын алуы мүмкін», — деп нақтылайды мамандар.

Республиканың басым бөлігі атмосфералық ауа ағымының ықпалында болғандықтан, кей жерлерде жауын жауып, жел тұрады.

Атап айтқанда, Ақмола, Атырау облыстарында, түнде Жамбыл облысында, күндіз Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында екпіні 15-20 метр/секундты шамалайтын жел тұрады.

Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-22 метр/секунд жылдамдықпен жел тұрады, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы облысының солтүстігі мен Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше жоары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар