Бұл жайында Астананың ресми сайты хабарлап отыр. Іс-шараның мақсаты - қала аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
24-29 қазан аралығында жол полициясы жасағының қатары ұлғайтылады, Астана қаласы ІІД ЖПБ-ның барлық жеке құрамы күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді.
Іс-шара барысында мас күйінде көлік жүргізу, жылдамдықты арттыру, басып озу, орағыту, бұрылыстар мен жаяу жүргіншілер өтпелерін өту ережелерін бұзу фактілерінің жолы кесіледі.