Алдағы тәуліктерде жауын-шашынға байланысты Алматы облысындағы тау өзендерінде сел жүруі мүмкін -Казгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы тәуліктерде жауын-шашынға  байланысты Алматы облысындағы тау өзендерінде сел жүруі мүмкін -Казгидромет

Алдағы тәуліктерде жауын-шашынға байланысты Алматы облысындағы тау өзендерінде сел жүруі мүмкін -Казгидромет

Алдағы тәуліктерде жауын-шашынға байланысты Алматы облысындағы тау өзендерінде сел жүріп, тас-топырақ аралас лай-көшкін түсуі мүмкін. Бұл туралы бүгін, 4-тамызда "Казгидромет" РМК-нің хабарламасына сілтеме жасай отырып ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі ескерту жариялады.

  • 4 Тамыз 2003
  • 412
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің басшылығы Алматы облыстық және қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалары мен «Қазақ селден қорғау» қызметіне, халыққа осы жөнінде хабарлама таратып, адам шығынына жол бермеуге шаралар қолдануды тапсырды.

Атап айтсақ, құтқару қызметінің құрамы мен техникасын дайындық жағдайына көшіру, қамтамасыздық нысандарына тұрақты жұмыс істеуге жағдай жасау, жолдар мен көпірлер ахуалына және көлік қозғалысына бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берілді.

Соңғы жаңалықтар