Алдағы төрт жылда Қазақстанда 1200 шақырым жаңа темір жол төселеді
Алдағы төрт жылда «Қазақстан темір жолы» 1200 шақырым жаңа жол төсеуді жоспарлауда. |
Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның көлік инфрақұрылымының дамуы жайында өткен брифинг барысында Қордың басқарушы директоры Нұржан Байдәулет мәлім етті.
«Соңғы 20 жылда Қазақстанда 1,1 мың шақырым темір жол салынған. Алдағы 4 жылда «Қазақстан темір жолы» тағы да 1,2 мың шақырым жаңа жол төсеуді жоспарлауда. Бұл жұмыс биыл басталып та кетті. Ол - Бейнеу-Жезқазған, Арқалық-Шұбаркөл бағыттары», - деді басқарушы директор.
Оның айтуынша, 2012 жылы орталық Қазақстан арқылы өтетін жаңа жолды кеңейтетін «Бейнеу-Жезқазған» (988 шақырым) және Арқалық өңірінің дамуына ықпал ететін «Арқалық-Шұбаркөл» (214 шақырым) жолдарын салу жобалары басталады. Оларды 2016 жылы іске қосу жоспарлануда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін