Жарияланды: 350

Алдағы үш күнде Астанада аяз күшеюі ықтимал

азақстанға солтүстік антициклонның әсер етуіне байланысты таяу күндері Астанада аяз күшеюі ықтимал.

Термометр бағаны -30 градусқа дейін және одан да төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды елорданың ресми сайты. «Қазгидромет» РМК-ның мәліметі бойынша, ертең елордада күн ашық болады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Ауаның температурасы түнде -31-33 градус, күндіз -28 -30 градус аязды көрсетеді. Солтүстік шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. 12 және 13 желтоқсан күндері де күн ашық болып, түнде және таңертең тұман болады. Түнде -28-33 градус, күндіз -25 -30 градус аяз болады деп күтілуде. Солтүстік шығыстан 2-7 м/с күшпен жел соғады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін