Жарияланды: 390

Алдағы үш күнде Астанада қар жауып, бұрқасындатуы ықтимал

Таяудағы үш күнде елордада қар жауып, бұрқасындатып, ауа температурасы төмендейді.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-дан мәлім етті. Аstana.kz сайтының мәліметіне қарағанда, синоптиктердің болжамы бойынша, бүгін бас қалада күн райы құбылмалы, кей жерлерде қар жауып, бұрқасын жүреді. Оңтүстік батыстан 5-10 м/с жел соғып, кей жерлерде екпіні 18 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы күндіз - 6-8 градус суық. Ертең, 15 қаңтар күні, елордада күн бұлттанып, қар жауып, сырма бұрқасын жүреді. Сынап бағаны түнде 14-16 градусқа дейін, күндіз - 10-12 градусқа дейін төмендейді. 16 қаңтарда күн бұлттанып, қар жауып, бұрқасындатуы ықтимал. Батыстан соққан желдің бағыты өзгеріп, екпіні 18 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -20-22°C, күндіз -14-16°C болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін