Алдағы үш күнде Астанада қар жауып, бұрқасындатуы ықтимал - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы үш күнде Астанада қар жауып, бұрқасындатуы ықтимал

Алдағы үш күнде Астанада қар жауып, бұрқасындатуы ықтимал

Таяудағы үш күнде елордада қар жауып, бұрқасындатып, ауа температурасы төмендейді.

  • 14 Қаңтар 2013
  • 374
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-дан мәлім етті.

Аstana.kz сайтының мәліметіне қарағанда, синоптиктердің болжамы бойынша, бүгін бас қалада күн райы құбылмалы, кей жерлерде қар жауып, бұрқасын жүреді. Оңтүстік батыстан 5-10 м/с жел соғып, кей жерлерде екпіні 18 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы күндіз — 6-8 градус суық.

Ертең, 15 қаңтар күні, елордада күн бұлттанып, қар жауып, сырма бұрқасын жүреді. Сынап бағаны түнде 14-16 градусқа дейін, күндіз — 10-12 градусқа дейін төмендейді.

16 қаңтарда күн бұлттанып, қар жауып, бұрқасындатуы ықтимал. Батыстан соққан желдің бағыты өзгеріп, екпіні 18 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -20-22°C, күндіз -14-16°C болады.