Алдағы үш күнде елдің басым бөлігінде үсік жүреді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.5
  • 601.62
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы үш күнде елдің басым бөлігінде үсік жүреді

Алдағы үш күнде елдің басым бөлігінде үсік жүреді

«Қазгидромет» РМК 19-21 қазан күндергі ауа райына болжамын ұсынды.

  • 18 Қазан 2023
  • 12
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда, 19 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Одан әрі ел аумағына солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттар ығысады, онымен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, екпінді жел күтіледі. Тек оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда ауа райы әлі де ашық болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Түнде республиканың басым бөлігінде температура бағамы -2 – +10 жылыны көрсетеді. Күндізгі уақытта еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы +10-15 жылыдан +5-10 жылыға дейін төмендейді.