Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазгидромет-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Еліміздің батыс өңірлерін, сондай-ақ атмосфералық фронттардың ықпалымен 02-03 қыркүйекте қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді деп күтілетін елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарды қоспағанда, антициклонның ықпалымен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.
Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының күндіз 25-30-ға дейін, республиканың оңтүстік жартысында 37 градусқа дейін біртіндеп көтерілуі күтіледі. Тек еліміздің батысында 17-25 жылуға дейін төмендейді деп күтілуде.