Қазгидромет» РМК алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде үсік жүретінін ескертуде, деп хабарлайды Baq.kz.
Синоптиктер 24-25 мамырда Ақтөбе, 25-26 мамырда Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, 26-27 мамырда Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік болуы мүмкін екенін болжады.
Астана қаласында да түнде 24,25, 26 мамырда топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.