Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы жылы, бұрқасынды және көктайғақ болуы болжануда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы жылы, бұрқасынды және көктайғақ болуы болжануда

Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы жылы, бұрқасынды және көктайғақ болуы болжануда

Атлантикалық циклон Урал аумағына ойысты. Осыған байланысты жылы атмосфералық ағын қазірдің өзінде Қазақстанның батыс облыстарын кесіп өтіп, солтүстігіне жетті. Сондықтан да температура күндіз ғана емес, түнде де жылынып, кейбір жерлерде +3º-қа жетеді, бұл нормадан 5-10º жоғары.

  • 24 Желтоқсан 2015
  • 353
Фото - Caravan.kz

24-26 желтоқсан күндері циклон Батыс Сібір аумағы арқылы шығысқа ауысады, оның атмосфералық ағындары әуелі жылы, одан кейін салқын болып, Қазақстан арқылы өтеді, соның салдарынан жапалақтап қар жауып, бұрқасындатады, көрінімнің нашарлауы 200-500 метрге дейін жетеді, кей жерлерде желдің екпіні 15-25 м/с-дейін күшейіп, көктайғақ болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК 24-26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамында хабарлады.

Таяудағы тәуліктерде ауа температурасының нормадан 5-10º жоғары болуы сақталып, 26 желтоқсанға қарай төмендейді, дегенмен де осы кезеңде бұрынғыша  климаттық көрсеткіштің жоғары болуы күтіледі.


Соңғы жаңалықтар