Алдағы үш тәулікте қар жауып, бұрқасын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы үш тәулікте қар жауып, бұрқасын болады

Алдағы үш тәулікте қар жауып, бұрқасын болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2019 жылғы 24-26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

  • 23 Желтоқсан 2019
  • 26
Фото - Caravan.kz


Синоптиктердің болжамынша, 22 желтоқсан — қысқы күн тоқырауы мен астрономиялық қыстың басы саналады. Ал қазір күнтізбелік және метеорологиялық қыстың нағыз қызған кезі. 

Қазақстан арқылы белсенді атмосфералық фронттар және антициклондар бірінен кейін бірі жылжиды.

Осыған байланысты республиканың басым облыстарында алдағы тәуліктерде қар жауу, бұрқасын, кей жерде екпінді жел күтіледі. Ал суық фронттың артынан республикаға антициклон ығысып, жауын-шашынның тоқтатылуын және ауа температурасының төмендеуін туындатады, — делінген хабарламада.