Алдағы жаңа оқу жылында Павлодар облысындағы мектептерде биыл оқу бітірген 500 мұғалім жұмысқа кіріседі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы жаңа оқу жылында Павлодар облысындағы мектептерде биыл оқу бітірген 500 мұғалім жұмысқа кіріседі

Алдағы жаңа оқу жылында Павлодар облысындағы мектептерде биыл оқу бітірген 500 мұғалім жұмысқа кіріседі

Қазақстан жоғары оқу орындары мен колледждерін тәмамдаған жас 500 мұғалім биылғы жаңа оқу жылында Павлодар облысындағы мектептерде жұмысқа кіріседі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық білім беру департаментінен хабарлады.

  • 22 Шiлде 2003
  • 624
Фото - Caravan.kz

Павлодар облысындағы мектептерге Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 277, Павлодар педагогикалық колледжінің 169, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университенің 58 түлегі арнайы бөліс бойынша жіберілген.

Жас мамандардың арасында тарих, жағрафия, шет тілдері және денешынықтыру пәнінің мұғалімдері бар.
Бүгінде облыстағы 464 мектеп 504 маманға зәру болып отыр. Соның ішінде әсіресе математика, шет тілдері және қазақ тілі пәнінің мұғалімдері жетіспейді.
«Қазір мектептерде кәсіби мамандығы жоқ мұғалімдерді кәсіби мұғалімдерге алмастыру процессі жүргізілуде. Соған байланысты математика, шет тілдері және қазақ тілі пәні мұғалімдерінің жетіспеушілігі сақталатыны сөзсіз»,- дейді облыстық білім беру басқармасындағылар.
Алайда 2005-жылы облыстағы мектептерді мамандармен қамтамасыз ету мәселесі толыққанды шешілуі тиіс. Атап айтсақ, қазір Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен Павлодар университетінде облыс әкімінің арнаулы гранты бойынша 200 студент оқып жатыр.

Соңғы жаңалықтар