Бағаның көтерілуі көмірдің қымбаттауы, логистика шығындарының артуымен байланысты екен.
"Үшіншіден – электр қуатын өндіретін кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы. Бұл станцияның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін керек. Өкінішке орай бұл салада төмен жалақы деңгейі сақталған. Сондықтан кадрлардың азаюына әкеп соғуы мүмкін. Қазір де азайып жатыр. Электр қуатын өндіретін станциялар табысын арттыру көзделіп отырған жоқ", — деді Болат Ақшолақов.