Альянс штаб-пәтері өкілінің айтуынша, 2004-жылдың 1-қаңтарынан бастап Джордж Робертсон Ұлыбританияның «Кейбл энд Вайерлис» телекоммуникациялық компаниясының вице-президенті қызметін атқара бастайды. Ол аталмыш компанияда шетелдік үкіметтермен байланыстарды нығайту мәселесімен айналыспақ.
Ал Солтүстік Атлантикалық Альянс аясында жаңа бас хатшының орынтағын иемденетін лайықты кандидатура әлі күнге дейін табылмай отыр. Сондай үміткерлердің қатарында Италия мен Норвегияның қорғаныс министрлері Антонио Мартино мен Кристин Крон-Деволдтың, сондай-ақ, Еуропалық Одақта ішкі істер және әділет жөніндегі комиссар лауазымын атқаратын португалиялық Антониу Виторинудың есімдері аталуда.
НАТО елдері жаңа бас хатшыны тағайындау мәселесі бойынша ортақ пәтуаға тамыздағы демалыстан кейін келуі мүмкін. Солтүстік Атлантикалық Альянс директивасында бас хатшының міндетін атқара тұру туралы қарастырылмаған.