Алдағы жылдан «Болашақ» бағдарламасында ауыл мұғалімдеріне квота ескеріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы жылдан «Болашақ» бағдарламасында ауыл мұғалімдеріне квота ескеріледі

Алдағы жылдан «Болашақ» бағдарламасында ауыл мұғалімдеріне квота ескеріледі

2017 жылдан бастап ауыл мектептерінің мұғалімдері «Болашақ» арқылы оқытылмақ. Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысынан кейін  «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов осылай мәлім етті.

  • 15 Тамыз 2016
  • 593
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі комиссияның отырысында бұған дейінгі берілген тапсырмалардың орындалуы қаралды. Оның ішінде оқуға шетелдің беделді жоғары оқу орындарына магистратура мен докторантураға «өз бетінше түскендер» санаты бойынша үміткерлерге 2 жылдық еңбек өтілі болуы жөніндегі талапты алып тастау туралы шешім болған еді. Енді сол шешімді іске асырып, ережеге енгіздік. Жақын арада Үкіметтің қаулысы қабылданады»,-деді Ғ. Нығыметов.

«Болашақ» арқылы елімізде бірқатар маңызды салаларға білікті кадрлар дайындау іске асырылып жатқандығына тоқталған ол, осы ретте техникалық мамандықтарға ерекше назар аударылып отырғандығын атап өтті.

«Сонымен бірге бірқатар жаңа тапсырмалар берілді. Соның ішінде ауылдық мұғалімдерге жеке квота жасау ескеріліп отыр. Осы мәселе пысықталып, келесі жылдан бастап ауыл мұғалімдеріне «Болашақпен» жеңілдікпен түсуге мүмкіншілік болады»,-деді орталық президенті.


Соңғы жаңалықтар