Алдағы жылдарда "Болашақ" шәкіртақысы көбінесе техникалық мамандықтар бойынша білім алушыларға тағайындалады - ҚР білім және ғылым министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы  жылдарда "Болашақ" шәкіртақысы көбінесе техникалық мамандықтар бойынша білім алушыларға тағайындалады - ҚР білім және ғылым министрі

Алдағы жылдарда "Болашақ" шәкіртақысы көбінесе техникалық мамандықтар бойынша білім алушыларға тағайындалады - ҚР білім және ғылым министрі

Алдағы жылдарда "Болашақ" шәкіртақысы көбінесе техникалық мамандықтар бойынша білім алушыларға тағайындалады. Бұл туралы бүгін, 18-мамырда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР білім және ғылым министрі Жақсыбек Күлекеев хабарлады. Ол сондай-ақ, Елбасының жарлығымен "Болашақ" шәкіртақысын тағайындау тәртіптеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға түсініктеме берді.

  • 18 Мамыр 2004
  • 675
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, «стипендия бұдан былай тек елімізге айрықша қажетті деп саналған тізімдегі мамандықтар бойынша тағайындалады». Ж.Күлекеевтің айтуынша, «бұрынғы жылдары мұндай шектеу қойылмаған».

Сондай-ақ, министр «Болашақ» шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер таңдау мерзімі мен тәртіптері өзгертілгенін хабарлады. Мәселен, бұдан былай үміткерлерден құжат қабылдау алғашқы жарты жылдықта аяқталады. «Қазақстан экономикасының түрлі салаларында бір жылдан кем емес еңбек еткен маман ғана байқауға қатысу құқығына ие болады». 1-маусымға дейін жалғасатын бірінші кезеңде ҚР білім және ғылым министрлігі алдын-ала құжаттар сұрыптаса, 5-шілдеге дейінгі екінші кезеңде үміткер Қазақстан тарихы мен мәдениетін, шет тілі мен мемлекеттік тілді меңгеруге байланысты білім деңгейін дәлелдеп беруі тиіс. 1-тамызға дейінгі үшінші кезеңде өткізілетін әңгімелесу барысында республикалық комиссия шәкіртақыны кімге тағайындау туралы шешім шығарады.
Ж.Күлекеевтің айтуынша, байқауды өткізу мерзімінің өзгертілуі батыстағы жетекші жоғары оқу орындарында құжат қабылдау жұмысы қыркүйек-қазан айларында аяқталатындығына байланысты .
Сондай-ақ, жаңа тәртіп бойынша, үміткерлер өздері түсетін батыс университетін өз бетімен таңдау құқығына ие болады. Мұндай жағдайда, мемлекеттік шәкіртақыдан үміткер адам бастапқы екі кезеңнен босатылып, бірден 3-кезеңге шақырылады.
Министрдің айтуынша, жаңа тәртіпке сәйкес, «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесінде де түбегейлі өзгерістер болды. Бұрынғы жылдары түлектен бірнеше жыл бойы мемлекеттік қызметте тер төгу талап етіліп келген. Министрдің пікірінше, «мұндай талап мемлекеттік қызметтің ролін төменшіктетіп келді». Жаңа тәртіп бойынша «Болашақ» шәкіртақысының иегерлеріне кәсіпорынның меншік түріне қарамастан, Қазақстан экономикасының түрлі салаларында бес жылдан кем емес еңбек ету талабы қойылады.

Соңғы жаңалықтар