Алдағы жылдары Қазақстанға келетін еңбек мигранттары екі есеге өсуі мүмкін - ІІМ болжамы - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы жылдары Қазақстанға келетін  еңбек мигранттары екі есеге өсуі мүмкін - ІІМ болжамы

Алдағы жылдары Қазақстанға келетін еңбек мигранттары екі есеге өсуі мүмкін - ІІМ болжамы

АСТАНА. 10-қаңтар. Kazakhstan Today. Алдағы жылдары Қазақстанға келетін еңбек мигранттары екі есеге өсуі мүмкін. Бүгін өткен баспасөз мәслихатында ішкі істер вице-министрі Алик Шпекбаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 10 Қаңтар 2007
  • 364
Фото - Caravan.kz

«Егер 2006 жылы Қазақстанға алыс және жақын шетелдерден келген азаматтардың саны 2 млн.-ға өссе, одан әрі бұл ағым сақталып қала бермек»,- деді А.Шпекбаев. «Біздің республикамыздың қызығушылық тудырып отырғандығын ескере отырып, осыған сәйкес алдағы жылдары еңбек мигранттарының саны екі есеге өседі»,- деді ол. Ішкі істер вице-министрінің мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда 2005 жылы 200 мыңдай еңбек мигранттары заңсыз жұмыс істеген.

А.Шпекбаев 8-қаңтар, яғни заңсыз мигранттарды анықтауға бағытталған «Мигрант» республикалық жедел-алдын-алу шараларын жүргізудің бірінші күнінде іздеуде жүрген 23 адамның құрықталғанын хабарлады. «Олардың ішінде қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген адамдар, сондай-ақ алимент төлеушілер мен борышты адамдар да бар»,-деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта