Алдағы жылдың сәуірінде Қазақстандағы халық саны 17 миллионға жетеді
![]() |
1 қазандағы жағдай бойынша еліміздегі халықтың саны 16 млн. 856 мың адамды құрады. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов осылай айтты. |
Демографиялық ахуалға тоқталған агенттік басшысы, осы үрдіс сақтала берсе, алдағы жылдың сәуірінде еліміздегі халық саны 17 миллионға жетеді деген болжам бар екенін айтып өтті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жыл басымен салыстырғанда жалпы еліміз бойынша халық саны 181,2 мың адамға немесе 1,1 пайызға артты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін