Алдағы 3 жылда 17 млн гектар жердің құнарлылығы тексеріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 503.35
  • 590.63
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алдағы 3 жылда 17 млн гектар жердің құнарлылығы тексеріледі

Алдағы 3 жылда 17 млн гектар жердің құнарлылығы тексеріледі

Ел аумағында 17 млн гектар алқаптың топырағы туралы деректер ескірген.

  • 25 Қаңтар
  • 6
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринның Мәжіліс депутатының сауалына жолдаған жауабында айтылған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

“Қазір топырақ бонитеті туралы өзекті деректері бар жердің жалпы ауданы 59,1 млн га болады. 2026-2028 жылдары шамамен 17 млн га аумақта топырақ бонитетін өткізу жоспарланып отыр”, — дейді Серік Жұманғарин.


Қазір Мәжілісте «Топырақты қорғау туралы» Заң жобасы талқыланып жатыр.

“Осы заң жобасының нәтижелері бойынша әдістеме қайта қаралып, жетілдіріледі”, — деп жазылған жауапта.