Бұл бастама Мемлекет басшысының балалардың қауіпсіздігін күшейту және денсаулығын қорғау жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып отыр, деп хабарлады Zakon.kz
Бастама бірінші оқушы саны мыңнан асатын ірі мектептер мен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа оқу орындарын қамтымақ.
Балаларға стоматологиялық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен тегін көрсетіледі. Мұндағы мамандар қарапайым тісжегілерін, басқада асқынбаған ауруларды емдейді. Сондай-ақ дерттің алдына алу бойынша профилактикалы жұмыстар да жүргізеді, деп жазады qazaqstan.tv.
Жаңа кабинеттер толық заманауи құрылғылармен жабдықталған. Рентген аппараты да бар. Дәрігерлер баланың тісін тез тексеріп, нақты диагноз қоя алады. Қазіргі таңда елдегі 150 мектепте арнайы емдеу бөлмелері ашылды. Жыл соңына дейін олардың саны 240-қа жетпек.
Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, Финлияндия, Ұлыбритания және Жапония сынды дамыған елдер де осыған ұқсас жобалар қолға алынған. Себебі тіс аурулары асқазанға, бауыр мен бүйрекке тіпті асқынса жүрекке зақым келтіреді екен. Сондықтан жаңа бастама салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған үлкен қадам,-дейді мамандар.