Алдағы үш тәулікте республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында, 1 маусымда батысында атмосфералық фронттардың әсерінен құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы КТК арнасына сілтеме жасап.
Салдарынан найзағай ойнап, бұршақ жауады, екпінді жел соғады.
Еліміздің оңтүстігінде жоғары қысымның ықпалымен жауын-шашын тоқтайды.
Баренц теңізінен келетін жоғары қысым аймақтарға жайылып, салдарынан түнде және таңертең минус 3 градусқа дейін үсік жүреді.
Жалпы республиканың басым бөлігінде күндіз ауа температурасы жоғарылайды.
Республиканың батысында, оңтүстігінде 27-35 градусқа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта 15-25 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 22-27 градусқа дейін бірте-бірте көтеріледі.
Шығыс облыстарда ауа температурасы 10-20 градусқа дейін төмендейді.