"Алданып қалмаңыздар". Imanbek өз атынан криптовалюта сатқандар туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алданып қалмаңыздар". Imanbek өз атынан криптовалюта сатқандар туралы айтты

"Алданып қалмаңыздар". Imanbek өз атынан криптовалюта сатқандар туралы айтты

ТМД-дағы алғашқы "Грэмми" иегері қазақстандық DJ Imanbek-тің (Иманбек Зейкенов) есімін алаяқтар криптовалюта "сату" үшін пайдалана бастаған.

  • 31 Мамыр 2021
  • 603
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлады. 

Бұл туралы Иманбек Instagram-да хабарлады. Ол Stories-те атынан криптовалюта сатып жүрген жалған парақшалардың скриншотын жүктеді.

"Алданып қалмаңыздар. Бұл жалған", — деп жазды Иманбек.

Еске салайық, жақында қазақстандық диджей Billboard Awards жүлдесінің иегері атанды. Иманбек Зейкенов Saint JHN-ның Roses әніне жасаған ремиксі үшін "үздік электрон ән" номинациясында марапатқа ие болды.


Бұған дейін ол осы композиция үшін Grammy алған еді.