"Алдар көсенің бастан кешкен қызықты хикаялары" деп аталатын жаңа көркем фильм көрерменге жол тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алдар көсенің бастан кешкен қызықты хикаялары" деп аталатын жаңа көркем фильм көрерменге жол тартты

"Алдар көсенің бастан кешкен қызықты хикаялары" деп аталатын жаңа көркем фильм көрерменге жол тартты

Бүгін қазақстандық кинотеатрларда қазақ және орыс тілдерінде "Алдар көсенің бастан кешкен қызықты хикаялары" деп аталатын толық метражды жаңа көркем фильм көрсетіле бастайды.

  • 10 Қараша 2011
  • 1278
Фото - Caravan.kz

Оны фильм режиссері Бегайдар Шалдарбеков кеше Алматыда өткен таныстырылымда айтты.

«Бұл туындыны Шәкен Айманов өмірге әкелген әйгілі «Алдар көсе» фильмімен салыстыруға болмайды. Біз әйгілі кейіпкерді жаңа заманға әкеліп отырмыз. Қазіргі кезеңдегі Алдар көсенің оқиғасы әр мұңды, әрі күлкілі. Біз оның бастан өткізген оқиғалары арқылы қоғамдағы кейбір келеңсіздіктермен қалай күресуге болатынын көрсетуге тырыстық», — дейді Б. Шалдарбеков. Басты кейпікеркерлерді Бақытжан Әлпейісов, Әсет Омартегі, Гүлнар Байбосынова және тағы басқа да актерлар сомдаған бұл кинода түсірушілердің бүкіл отбасы мүшелері бірігіп көре алатын фильм жасау туралы мақсатына толық қол жеткізген. Алдағы уақытта ол енді мәдени қауымдастықтардың қолдауымен Ресей, Украина, Қытай, АҚШ сияқты шет елдердегі қазақтарға көрсетілгелі отыр.

Перейти к новостям спорта